Орысша бұйрықтарды орындамайды: Атырауда қазақша түсінетін ит көпті таңғалдырды
Қазақша түсінетін қызметтік ит Атырауда. Оның елордадан өңірге ауысқанына бір айға жуық уақыт болған. Қазіргі көрсеткіші гиннестің рекордтар кітабына енген голландиялық төбеттің деңгейіне жетіп қалыпты.

Елдос Жұманбетов Жанды күшік кезінен асыраған. 2017 жылдан бері бірлесе жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды Qazaqstan Atyrau арнасы.
Кинолог маман ерекше жануардың сезім мүшелерін дамытып, қызметке араластыруға 3 ай жұмсапты. Жан өте тілалғыш. Берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындайды. Және бір ерекшелігі ол қазақша түсінетін ит. Тек қазақша берілген тапсырмаларды орындайды. Орысша айтылған бұйрықтарды атқармайды.

Жан өзін сан қырынан көрсетіп, талай қылмыскердің жолын кесті. Қызметтегі иттер 8 жасында зейнетке шығады. Ал, Жанның жасы 13-те. Соған қарамастан оған тең келер ит жоқтың қасы. Жан күніне бір рет тамақтанады. Салмағы 45 келіден өзгермейді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады