Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құруды Тоқаев ойлап тапты, біз оны ұсынған жоқпыз – Путин

Ресей президенті Владимир Путин орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру идеясын Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Путиннің айтуынша, халықаралық ұйым құруды Ресей тарапы ұсынбаған. 

"Қасым-Жомарт Кемелұлы бір жиында осындай ойға келіп: "Тыңдаңыздар, менде ұсыныс бар деп айтты. Шынымды айтсам, мен үшін күтпеген жағдай болды. Оны біз ұсынбадық, Қасым-Жомарт Кемелұлының идеясы.  Бұл жағымды ғана емес, сонымен қатар ынтымақтастығымызды практикалық тұрғыдан дамыту үшін де пайдалы болды", – деді Путин.

Путин қазан айында Бішкекте өткен ТМД саммитінде орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы келісімге қол қойылғанын еске салды. 

Путиннің айтуынша, Ресей Достастықтағы басқа серіктестермен бірге өз жұмысын тезірек іс жүзінде іске қосу үшін бар күш-жігерін салуға ниетті.

13 қазанда Бішкекте ТМД мемлекеттерінің басшылары штаб-пәтері Сочиде орналасқан орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы құжаттарға қол қойды. 

Талқылау