"Ордабасы"клубы Қазақстан бокс федерациясының президентінің меншігіне өтпек

Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Муталип “Ордабасы” клубының иесі атанады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Ордабасының” Integra Construction компаниясы құрылтайшысының меншігіне өтетіні осыдан екі-үш апта бұрын белгілі болған. Dop Telegram арнасы бұл ақпаратты растады.
Айта кетейік, Шахмұрат Муталип пен Нұрлан Артықбаев арасында көп ұқсастықтар бар. Екеуі де құрылыс саласында кәсіптерін дөңгелетіп отыр. айналысады. Екеуі де ERG+Kazzinc, Kazakhmys секілді елдегі ірі металлургиялық кәсіпорындарды бақылауға алған немесе алғалы отыр. Сонымен қатар Артықбаевқа тиесілі компания Шымкентте стадион салуды қолға алса, Муталип Ақтөбеде құрылыс жұмыстарын жүргізбек.
“Енді “Ордабасы” командасы белсенді түрде ойыншылар алуы мүмкін. Олар бір-екі атақты ойыншыны міндетті түрде алуы керек. Сондай-ақ клубтың иелері Қазақстан чемпионы – 2023 клубы үшін жаңа академия салуы мүмкін”, – деп жазды “Серый CARDINAL” Telegram арнасы.
Егер “Ордабасы” клубы приватизацияланса, ол жеке қазақстандық кәсіпкерлердің меншігіне өткен алтыншы клуб болады. Өткен маусым қорытындысы бойынша Шымкент командасы 35 ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орынға ие болды.
Еске салайық, күзде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін футбол клубтары жаппай жекеменшікке өте бастады. Олардың қатарында “Қайсар”, “Шахтёр", “Жеңіс”, “Қызылжар”, “Ақтөбе” және “Тараз” бар.
Айта кетейік, Шахмұрат Муталип – Қазақстан бокс федерациясының президенті.
"Қазақстанға келгеніне небәрі 4-ақ жыл": Бұрынғы министр Қанат Шарлапаев туралы не белгілі және ол "Атамекенде" бизнесті қорғай ала ма