Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда жүкті әйел таксиде босанып қойды (видео)

Оралдық әйел күні кеше таксиде босанып алды. Оқиға туралы куәгерлер видео түсіріп "МойГород" басылымына жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

родыКуәгер Азамат Әбуғалиев болған оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді.

"Досым екеуміз Правдухин мен Мәскеу көшелерінің қиылысында көлік жуу орнында сөйлесіп тұрдық. Содан кейін "Фольксваген" маркалы көліктің тоқтағанын, жедел жәрдемнің оның артынан келе жатқанын байқадық. Менің досым Тимур Мұхамедьяров облыстық перинаталдық орталықта акушер-гинеколог болып жұмыс істейді. Ол шақыруға жас фельдшердің келгенін көріп, олардан жағдай туралы сұрады. Оларға көмек керек болды, - деді Азамат Әбуғалиев.

Көлікке жақындап барған олар, әйелдің босанайын деп жатқанын көрген. 

"Тимур бірден қолғап пен спирт сұрады. Босанған әйелге көмектесті. Кіндігін кесті. Бәрі жақсы өтті. Ана мен баланың жағдайы жақсы", - дейді куәгер.

Әйел облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді. Келіншек ұл баланы дүниеге әкелді. 

 

Талқылау