Оралда сотты болған Оңдағановтың үйі мемлекеттің меншігіне өтеді
Оралда сотталып кеткен облыстық спорт басқармасының басшысы Мүсілім Оңдағановтың гаражы сүріліп, үйінің қақпасы бұзылғалы жатыр. Ал зәулім сарайы мемлекет меншігіне өтпек. Өйткені ол лауазымды қызметте жүргенде осы нысандар тұрған жер учаскесін рұқсатсыз иемденіп алыпты, деп хабарлады КТК арнасы.

Әкімдіктегілер бұл заңсыздықты шенеунік қамалған соң ғана байқаған. Енді сотқа шағымданып, жерді қайтарып алмақшы. Ол анау-мынау жерде емес, қаланың қақ ортасындағы саябақ жанында орналасқан. Ал осыған жол берген Жер қатынастары басқармасындағылар да тәртіптік жазаға тартылады. Мүсілім Оңдағанов қылмыстық топ құрып, қазынаның 200 млн теңгесін жымқырғаны үшін 2 жылдан бері түрмеде отыр. Әлі өтелетін 10 жылы бар экс-шенеунік жақында әріптестеріне жеңіл ақшадан аулақ жүруді үгіттейтін видеожолдау жасаған еді.

"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен