AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда күзетшілер жауыздықпен адам өлтірген: Олар 17 жылға бас бостандығынан айырылды

Оралда жауыздықпен адам өлтірген күзет агенттігінің қызметкерлері 17 жылға сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Сот материалдарынан мәлім болғандай, олар жаңажылдық кештен шыққан Қуаныш Ахметовты айықтырғышқа апарған. Ішке кіргісі келмеген жігітті аяусыз соққыға жыққан.

Олардан қашып құтылу үшін темір қоршаудан секіріп өтпек болған азаматты  қуып жетіп, төменге түсіруге тырысады. Сол кезде Қуаныштың қолтығын қаңылтыр қоршау кесіп кеткен. Бірақ күзетшілер жігіттің ауыр жараланып, қансырағанына қарамастан, ұрып-соғуды жалғастырады. Есінен танған жәбірленуші сол жерде жан тапсырған. Алайда сотталған күзетшілердің туыстары сот үкімімен келіспеді. Олар жас жігіттердің 17-18 жылға сотталуы тым ауыр жаза деп, сот залында шу шығарды.

“Мен келіспеймін, мені қазір соттасаң да! Оның үстіне ол бала бір бүйрегін берді бір қызға. Неге кісі өлтіретін болса неге бүйрегін береді? Мына бала деген сотталған жоқ, неге соны ескермедіңіз сіздер?” – дейді соталушының туысы Мәншүк Хаймушева.

Сот барысында  күзет агенттігінің қызметкерлері жұмыс кезінде мас болғандарын да мойындапты. Енді олар марқұмның туыстарына 15 миллион теңге моральдық шығын төлеуі тиіс. Ал жәбірленуші тарап кінәлілердің өмір бойына бас бостандығынан айрылуын талап етіп отыр.

“Қонысқали толық мойындады. Тынышталсын деп бір-екі шапалақпен жәбірленушінің бетінен ұрғанын мойындады. Шын жүректен өкінді. Сотталған Адилов пен Кафизов өздеріне тағылған айыпты толық мойындаған жоқ, ақтау үкімін сұрады”, – дейді БҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Шара Зайнуллина.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр