Орал тұрғыны бас киімнің ақысын кәдесый есебіндегі 10 мың теңгемен төлей салмақшы болған
Оралда базардан бас киім сатып алған тұрғын сатушының қолына жәдігерлік 10 мың теңгелікті ұстатып кетіп қалмақшы болған.

Бұл туралы “Мой Город” хабарлайды.
9 қаңтар күні сағат 14:45 шамасында Мәскеу базарында белгісіз ер адам бас киімнің ақысын жалған ақшамен төлемекші болған. Алайда купюроға мұқият қараған сатушы тұтынушының алаяқтығын байқап қалады.
“1986 жылы туған ер адам ұсталды. Кәдесый есебіндегі ақшалар тәркіленді”, деп хабарлады полиция басқармасы. Аталған жағдай бойынша ҚР ҚК 190 “Алаяқтық” бабы негізінде іс қозғалып отыр.
Оқи отырыңыз:
Серік Абас-шах тоқалымен елді құтқармақ болған Қыдырәліні әжуалады
Қазақстандық әйел туған қыздарын зорлап келген күйеуі туралы айтты
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"