Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Операция жарты жылдан астам уақыт жүргізілді”. ҰҚК Сириядан 7 жасар қызды елге жеткізді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сириядан Қазақстанға бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызын қайтарды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Видеодан кадр

Ақпарат комитеттің ресми сайтында жарияланды. Онда мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ шетелдік серіктестерімен бірлесіп, азаматтарды террористік белсенділік аймақтарынан қайтару бойынша қарқынды жұмысты жалғасып жатқаны жазылған. Нәтижесінде Сириядан Қазақстанға бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызы қайтарылыпты. Оны қайтару бойынша гуманитарлық операция жарты жылдан астам уақыт бойы жүргізілген. 

“Қазіргі уақытта бала Астана қаласының балаларды қолдау орталығында, психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Осы сәтте қыз бала медициналық тексеруден өтіп жатыр. Оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізілуде. Жақын кезеңде ол туыстарының қатарынан қамқоршыларға берілетін болады”, - делінген ақпаратта. 

Сонымен қатар, комитет соңғы 4 жылда террористік белсенді аймақтардан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім баланы Отанымызға қайтарған. 

Талқылау