Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореялықтар ит етіне тыйым салу жобасына наразылық ретінде президент кеңсесіне екі миллион ит жібермек

Оңтүстік Кореядағы ит өсірушілер 2027 жылдан бастап ит етіне тыйым салу жобасына наразылық ретінде Сеулдегі үкімет кеңселерінің алдына екі миллион итті жібереміз деп қорқытты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vietnam.vn басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: reuters

Кореялық ит өсірушілер қауымдастығының жетекшісі Джу Ён Бонның сөзінше, ит етін жеуді есірткі саудасы немесе жезөкшелік сияқты қылмыспен салыстыруға келмейді. 

"Ешкім басқаларға зиян келтіру үшін ит етін жеген емес. Біз ит етіне тыйым салатын заң жобасына қарсымыз. Керек десе екі миллион асыл тұқымды итті президент кеңсесіне, ауыл шаруашылығы министрі резиденциясына және заң жобасын ұсынған заң шығарушылардың кеңселерінің алдына жібере саламыз", - деді кореялық ит өсірушілер қауымдастығының жетекшісі Джу Янг Бонг.

Ит өсірушілер қауымдастығы бұған дейін үкіметке иттерді "үй жануары" санатына жатқызуды сұраған, бірақ ұсыныс еш нәтиже бермеді.

Фото: reuters

Айта кетейік, ит етін жеу Корей түбегінде бұрыннан келе жатқан дәстүр. Алайда жануарлардың құқығына алаңдаушылық күшеюіне және елдің имиджіне әсер етуіне байланысты үкімет ит етіне тыйым салмақ. 

Корея үкіметінің мәліметінше, елде ит етінен жасалған тағамдарды сататын 1150 ит фермасы, 34 қасапхана, 219 тарату пункті және 1600-ге жуық мейрамхана бар.

Өткен жылы Кореяда жүргізілген сауалнама нәтижесі қатысушылардың 64 пайызы ит етін жеуге қарсы екенін көрсетті. Респонденттердің тек 8%-ы өткен жылы ит етін жегендерін айтты, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 27%-ға аз. 

Талқылау