Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Корея Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Бүгін денсаулық сақтау Вице-министрі – ҚР Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Корея Республикасының Үкіметі жіберген гуманитарлық көмекті ҚР-ға беру рәсіміне қатысты. Іс-шараға Кореяның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг-Сок мырза және ДДСҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, доктор Кэролайн Кларинвиль қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Корея Республикасының Үкіметі Қазақстанға COVID-19 шалдыққан пациенттерге 72 оттегі концентраторы, 50 монитор және 111 000 дана FFP2 стандартты респираторлық қорғаныс маска жіберген.  Гуманитарлық көмектің құны - 375 000 АҚШ доллар.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің атынан және өз атымнан Корей сарапшыларына COVID-19-ға қарсы күресте гуманитарлық және консультациялық көмек көрсеткені үшін алғыс білдіргім келеді. Бұл екі мемлекет арасындағы достықтың, сондай-ақ пандемияға қарсы халықаралық ынтымақтастықтың айқын көрінісі. ДДСҰ-ға да COVID-19-ға қарсы күресте қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Бұл ұйымдар арасындағы серіктестік қарым-қатынастың тағы бір дәлелі", - деді Ерлан Қиясов.

Қазақстан Корея Республикасымен ынтымақтастыққа көп мән береді. Бұған дейін Корея үкіметі Қазақстандағы медициналық мекемелерге COVID -2019 анықтау үшін  жедел тест тапсыру жағынан гуманитарлық көмек көрсеткен болатын. Биыл мамыр айында Алматы қаласында «Medical Partners Korea» корей компаниясының қолдауымен Оңтүстік Корея технологиясы бойынша құрылған коронавирус инфекциясынын анықтау бойынша мобильді скрининг орталығы ашылды.

19 қазанда Корея Үкіметінен гуманитарлық көмек ретінде  425 000 $ сомасына кореялық "Seegene" компаниясы өндірген  "2019-nCOV Assay"  ПТР-тестінің 388 жиынтығын алдық.

Сонымен қатар, қазақстандық медицина мамандары Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының қолдауымен ұйымдастырылған COVID-2019 мәселелері бойынша оқыту вебинарларына тұрақты түрде қатысады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр