Оңтүстік Калифорния университетін 96 жастағы ең қарт түлек бітірді
Альфонсо Гонсалес Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Ол енді Оңтүстік Калифорния университетінің ең қарт түлегі болып отыр.

Сурет: rt-russian.livejournal.com
Ол оқуын 1953 жылы бітіруге тиіс еді, алайда еңбек етіп жүргендіктен, оның сәті түспеді.
АҚШ теңіз жаяу әскері, 1945 жылы Жапонияда соғысқа қатысты, ол 88 жасында түпкілікті зейнеткерлікке шыққаннан кейін үзіліп қалған оқуын аяқтауға бекінді.
Университет ардагерді геронтология мектебіне қабылдады. Онда адамның қартаюының әртүрлі қырлары оқытылады. Гонсалеске оқу орны арнайы оқу бағдарламасын жасады. Ол өзінен 70 жас кіші студенттермен араласады, 1947 жылғы сабаққа барған сөмкесіне оқу құралдарын салып алады.
Оңтүстік Калифорния университетінің деканы ардагерге диплом тапсыру кезінде сөйлеген сөзінде Альфонсо Гонсалес оқып-білім алу қай уақытта да кеш емес екенін әлемге дәлелдеді, деп атап өтті.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған