Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиададағы іріктеу: Қазақстандық шаңғышылар үздік 30 спортшының қатарына ене алмай жарысты аяқтады

Олимпиада іріктеуФото:ҰОК

XXV Италияда өтіп жатқан Олимпиадада шаңғы спортының спринт түрінен медальдар сарапқа салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан атынан іріктеу кезеңінде төрт спортшы сынға түсті. Олар Надежда Степашкина, Анна Мельник, Ксения Шалыгина және Дарья Ряжко. 
Жарыстың ережесі бойынша ширек финалға шығу үшін ең үздік 30 спортшының қатарына ену керек. 

Алайда қазақстандықтар бұл межеге де жете алмай, барлығы 50-орыннан төмен нәтижені тіркеді.

Жерлестеріміз арасындағы ең жоғары көрсеткіш Дарья Ряжкоға тиесілі. Оның өзі небәрі 55-орынға табан тіреді. Ал Анна Мельник болса 58-сатыда, Надежда Степашкина 63-орынға жайғасса Ксения Шалыгина 72-орынға тұрақтады.


Абзал Әжіғалиев пен Михаил Шайдоров бастаған спортшылар бүгін жарыс жолына шығады


Америкалық мәнерлеп сырғанаушы тыйым салынған элементті орындап, тарихқа енді


 

Әйелдер арасындаңы спринті жарысының ширек финалы Қазақстан уақытымен бүгін сағат 15:45-те өтеді. Сонымен қатар, бүгін ерлер арасындағы спринт жарысы да өтеді.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 10 Ақпан, 2026 15:36