Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өлімге бір қадам қалды": Нұр-Сұлтан тұрғынының үстіне "Сергек" орнатылған баған құлап кетті

Нұр-Сұлтанда жолдан өтіп бара жатқан келіншектің үстіне “Сергек” орнатылған баған құлап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға туралы келіншектің өзі айтып берді. Ол сәл болғанда бағана басыңа түсіп кете жаздағанын айтқан. Ол қазір осы оқиғаға байланысты жұмыссыз қалғанын айтты.

“Бүгін 13:20 шамасында бағдаршамның жанғанын күтіп тұрғанмын. Үстіме баған құлап кетті. Оқиға “Сайназар” тұрғұн үй кешенінің жанындағы Сығанақ көшесінде болды. Бір қадам артқа аттап үлгердім. Әйтпесе, басыма құлап кететін еді. Бұл жағдай бойынша кімге жүгінемін? Қазір аяғыма гипс салынды, жұмыссыз қалдым”, –деп жазды келіншек.

Оқиғаға қатысты қалалық полиция басқармасы түсінік берді. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалған.

“Ағымдағы жылдың 23 қазанында Сығанақ көшесінің бойындағы "Sunrise" тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы жерде, жолдан өтіп бара жатқан 45 жастағы әйелдің үстіне "Сергек" камерасымен жабдықталған металл бағана құлап, аяғын жарақаттап алған. Аталған факті бойынша Есіл аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, тексеру жүргізілуде”, – деп мәлімдеді полиция басқармасы.

 

Талқылау