Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлі деп танылған сәби үш жылдан кейін ата-анасына оралды

Үндістанда перзентхана кездейсоқ ауысып кеткен сәби туған ата-анасына үш жылдан кейін оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NewsBytes басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ассам штатының Барпет қаласында тұратын Назма Ханам 2019 жылдың 3 мамырында ер баланы дүниеге әкелді. Жаңа туған сәбидің денсаулығында кінәрат болғандықтан, оны аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызған. Біраз уақыттан кейін Ханам жанұясына баланың шетінегенін хабарлайды. Ерлі-зайыптыларға баланың мәйітін көрсеткенде олар қателік кеткенін, өзге баламен шатасқанын бірден ескерткен. Алайда емхана қызметкерлері ешқандай қателік кетпегенін айтып, өз дегендерінде тұрып алған. Сөйтіп Ханамға көз жұмған сәбидің денесін берген. 

Арада бірнеше күн өткеннен кейін ері мен әйелі ауруханаға қайта оралып, Назима Хатун есімді тегі ұқсас әйелдің дәл сол күні босанғанын және ол баланың да жан сақтау бөліміне түскенін анықтаған. Бұдан кейін ерлі-зайыптылар полицияға шағымданған. 

Бір жылдан аса жалғасқан тергеу кезінде Хатунның ұлы шетінегі анықталды. Мейірбикелер екі баланы шатастырып алған. 
2020 жылдың қазан айында тергеуші Барпета қалалық сотына ДНҚ сараптамасын жасату туралы өтініп жіберді. Ханамнан алынған ДНҚ үлгілері Хатун тәрбиелеген баланың ДНҚ-сымен толықтай сәйкес келген. 



2022 жылы сот баланы Ханамға қайтару туралы шешім шығарды. Бұл кезде сәби үш жасқа толып қойған еді. Назима Хатунның күйеуі журналистерге берген сұхбатында ДНҚ тестіне өздеріне сенімді болғандықтан, келіскендерін айтты. 

"Енді сот баланы Ханамдікі деп таныды. Біз есеңгіреп қалдық", – деді қайғыдан қан жұтқан ер адам. 

 

Талқылау