Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Олар бізден дәрі, спирт сұрады": Алматы ауруханасының дәрігерлері содырлар қоршауында қалай жұмыс істегендерін айтты

Алматыда №7 қалалық клиникалық аурухана бұзақылардың шабуылына өз күшімен төтеп берді. Үш күнге жуық медициналық қызметкерлер науқастарды емдеуді тоқтатпай, қорғанысты өз қолдарына алған. Дәрігерлер қоршауда болса да, адам өмірін құтқарумен айналысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Бас дәрігер Манас Рамазанов қабырғадағы оқ тесіктерін өмірдегі ең қиын күндерді еске салатын белгі болып қалды, дейді. 

“Ал автоматтан қалған оқ – қорқынышты жәдігер. Ол терезені сындырып, реанимация палатасының қабырғасында тұрып қалған. Бұл бөлмеде науқастар болға, олар эвакуацияланды. Қалада тәртіпсіздіктер басталған кезде медициналық емес қызметкерлер мен пациенттердің бір бөлігі үйлеріне жіберілді. Бірақ 200-ге жуық медицина қызметкері мен 300-ге жуық науқас ауруханада қалды. Олар 5 қаңтарда тұтқында қалып қойған.

Осылайша, олар қоршауда үш күнге жуық уақыт өткізуге мәжбүр болған.

Алматы қаласының №7 ҚКА бас дәрігері Манас Рамазанов қызметкерлер арасында дүрбелең болмағанын атап өтті. Алайда әйелдер арасында қорқыныш болғаны рас, дейді ол. 

Осы күндері қызметкерлер жұмысын тоқтатқан жоқ. Ғимаратқа сырттан оқ атты.  Медициналық мекеменің айналасындағы үш көшені қарулы адамдар торуылдаған. 

“Біз осы үш күн бойы жұмыста болдық, жұмысқа келіп, осында қалып қойған бригада болды. Түнде, тіпті күндіз де автоматтың дыбысын естідік. Осы уақыт ішінде аурухана күзеті бізді қорғады. Мылтығы бар адамдар бірнеше рет ішке кіруге тырысты, есіктер мен терезелерді қиратты. Олар дәрі, спирт сұрады. Қауіп тек сегізінші қаңтарда ғана сейіле бастады”, – Қамбар Байжігітов, №7 ҚКА бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары.

Қазір аурухана бұрынғы режимде жұмыс істеуде.

Айта кетейік, Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде жедел жәрдемнің бес қызметкері зардап шекті, екі жедел жәрдем көлігі қирады.

Талқылау