Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы мамандықты тегін меңгереді
Елімізде 100 мыңға жуық жас колледжге немесе жоғарғы оқу орындарына түсе алмаған. Оларды босқа сандалтпай алғашқы мамандықты меңгертуге мемлекет тарапынан тегін көмек жасалмақ.

Бұл туралы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамар Дүйсенова мәлімдеді. Жаңа бағдарламаның артықшылығы тек нарықта сұранысқа ие кәсіп түрлерін үйретеді. Басты бағыт бизнес жүргізуге бейімдеу. Демек курсты тәмамдаған шәкірттер микрокредиттік ұйымдар беретін көмекті пайдаланып іс бастай алады. Бағдарлама аясында ауыл, аудан және қала жастары толық қамтылмақ. Түлектерге «Жастар тәжірибесі» негізінде еңбек жолын бастауға мүмкіндік берілмек.
Ресми деректердің мәліметіне сүйенсек 2001 жылмен салыстырғанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4 есе төмендеген.
Жіберіп алмаңыз:
ШҚО-да 64 келі гір тасын еркін көтеретін ақсақал үйінен спорт залын ашқан
Шымкентте 72 жастағы әже спорт алаңшасында жаттығып жүр
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген