AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оқу үлгерімі қиындау болды": Ақтөбеде өз анасын өлтірді деген оқушыға қатысты мектеп психологы айтып берді

Ақтөбеде өз анасын өлтірді деген күдікпен мектеп оқушысы қамауға алынды. Қыз туралы мектеп психологы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап. 

(Күдікті оқитын колледждегі педагог-психолог Аида Жүсіпова)
16 жастағы қызға қанды қылмыс жасауға колледж студенті көмектескен. Қазір екеуі де абақтыда отыр. Марқұмның көршілері қызы мен анасы күнде ұрысып, айқайласып жататын дейді. 

Қанды қылмыс болған пәтерді полицейлер мөрлеп қойған. Мұнда оқушы қыз анасымен тұрыпты. Көршілермен жақын араласпаған. Сондықтан күнде неге жанжалдасатынына мән бермек түгілі, аты-жөнін сұрап таныспаған көрінеді. Күдікті анасын қалай өлтіргенін ешкім ашып айтпайды. 

Тәртіп сақшылары 19 жастағы студент екеуіне қатысты қылмыстық іс қозғап, қамауға алдық деп отыр. Ал анасын өлтірген қыз 16 жасқа толғанымен кешкі мектептің бесінші сыныбын енді бітіргелі жатыр екен. Бұрын бастауышты оқып сабағын тастап кеткен. Тек былтыр ғана партаға қайта отырыпты. Сабақ үлгерімі нашар болғанымен, тәртібіне тағар мініміз болмады дейді мұғалімдері. 

"Қызымыз бесінші сынып оқушысы. Тәртібі жақсы. Ата-анасы дегенде, аз қамтылған, толық емес отбасы. Анасымен бірге тұрды. Оқу үлгерімі шамалы қиындау болды", - дейді педагог-психолог Аида Жүсіпова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр