Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мектептеріндегі оқу мерзімі мен демалыстардың нақты уақыты бекітілді

ҚР оқу-ағарту министрлігі мектептердегі 2023–2024 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және демалыс кезеңдерін бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Министрлік мәліметінше, еліміздегі орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылы 1 қыркүйекте басталып 25 мамырда аяқталатын болып бекітілді.

Қазақстандық оқушылардың бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта созылады, күзгі демалыс 30 қазаннан 5 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады.

Екінші тоқсанда 8 оқу аптасы, қысқы демалыс 2023 жылдың 29 желтоқсанынан бастап, 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге созылады.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасына созылады. 11 күндік көктемгі каникул 2024 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызға дейін жалғасады.

“Жыл сайын бірінші сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда қосымша демалыстар беріледі, ұзақтығы 7 күн – 2024 жылдың 5 ақпанынан 11 ақпанға (қоса алғанда) дейінгі уақытты қамтиды. Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. Сондай-ақ 25 мамырда қорытынды шығарылып, оқу жылы аяқталады”, – делінген хабарламада. 

Талқылау