Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да 64 жастағы ер адам әйелді тонап зорламақ болған қылмыскерді ұстап берді

ОҚО полицейлері қауіпті қылмыскерді қолға түсірген тұрғынды марапаттады. Сайрам аудандық ІДБ-ның жеке құрамы мен жетекшісі Ақсукент тұрғыны Әшірәлі Әбдіхановқа алғысын білдірді.

Аширали-Абдыханов-

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

2016 жылдың қараша айында 1982 жылғы Ақсукент кентінің тұрғынына шабуыл жасалғаны белгілі болды. 34 жастағы әйелді әлдекім тонап, соңынан зорлап кетпек болған. Алайда, әйелдің айқайын естіген 64 жастағы Әшірәлі Әбдіханов қылмыскерді ұстап, полиция шақырған.

Ұсталған 1974 жылғы күдікті бұрын да сотталған. Оның сол күні басқа әйелді де тонап, бағалы заттарып алып кеткені анықталды.

Полицейлер Әшірәлі Әбдіхановқ алғыс хат беріп, бағалы сыйлықтар тарту етті.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда бойжеткен өзін тонап, соңынан зорлап кеткен таксисті кешіре салды

«Астана-Көкшетау» тас жолында ер адамның ерлікпен ажал құшқаны белгілі болды

Астанада мүгедек балалардың анасы Исекешевтің орынбасарынан дөрекі сөз естіп жылап қайтқан

Мемлекеттік нөмерсіз жүрген көлікті тоқтатқаны үшін жол сақшылары бастықтарынан сөз естіді

Талқылау