Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Нұржанмен кездескісі келді": Рысбек Аташ Жанардың соңғы өтініші туралы айтты

Жанар Хамитованың өнердегі досы, әріптесі Рысбек Аташ Жанардың соңғы өтініші туралы айтты. 

Бірге тамақтансақ, бұрынғыдай сөйлессек деп айтатын

18 қыркүйек күні ақтық сапарға аттанған Жанардың соңғы өтініші жайлы досы айтып берді. Айтуынша, Жанар Нұржан Керменбаевпен кездесуді қалаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Жанар менен "Нұржанмен кездестірші" деп өтінді. "Бірге тамақтансақ, бұрынғыдай сөйлессек" деп айтатын. Ол "Астарлы ақиқатта" Нұржан туралы артық айттым деп жүрді. Оған осы сәлемімді жеткізші дейтін", - деді Рысбек. 

Аташтың айтуынша, Жанар жаны нәзік жан болған. Барлығын жүрегіне ауыр қабылдайтын. 

"Ол көшедегі мысықтың өзін құшақтап алатын. Бәріне көмектескісі келіп тұратын. Сондай шынайы адам еді. Оның өлімін хайп болса деп тіледім. Рас болып шыққанда, ауыр қабылдадым", - дейді әріптесі. 

Бұған дейін Нұржан Керменбаев Жанардың өзінен кешірім сұрағанын айтқан болатын. 

18 қыркүйекте Жанар Хамитованың денесі жер қойнына тапсырылды. Әншімен қоштасуға келгендердің арасында өнердегі әріптестері болды. 

Талқылау