Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Мәсімовтің ісі қылмыстық сотқа қайтарылды

Нұрлан Мәсімовтің ісі Павлодар мамандандырылған қылмыстық сотына қайтарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай шешімді Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қабылдады.

"Алқа қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы үкімнің күшін жойып, істі қарау үшін Қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберді", - деді облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, 7 қаңтарда Нұрлан Мәсімовтің ісі прокуратураға кері қайтарылды.

Былтыр 17 қаңтарда Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылған еді.

Сол жылы маусымда Павлодар облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланған болатын. Оған аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды.

Кейін іздеу жарияланған Нұрлан Мәсімов туралы ақпарат берген адамға 12 млн теңгеге дейін сыйақы берілетіні хабарланды.

2022 жылы 13 шілде де ҚР Ұлтық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Нұрлан Мәсімовті шекарада Ресейге өтпек болған жерінде ұстады.

Талқылау