Нұр-Сұлтандағы мектептерге Қонаевтың, Ақышевтың, Бағланованың есімдері беріледі
Үкімет қазақстандық көрнекті саяси қайраткер Дінмұхамед Қонаевтың және басқа да белгілі тұлғалардың есімдерін Нұр-Сұлтанның бірқатар мектептеріне беруге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаулыға сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласындағы мынадай мектептерге тұлғалардың аттары берілді:
1) №11 мектеп – лицейге Өзбекәлі Жәнібековтің есімі;
2) №49 орта мектепке Қошке Кемеңгерұлының есімі;
3) №69 мектеп – гимназиясына Кемел Ақышевтің есімі;
4) №2 Балалар музыка мектебіне Роза Бағланованың есімі;
5) №3 Балалар музыка мектебіне Ермек Серкебаевтың есімі;
6) №66 мектеп – лицейге Дінмұхамед Қонаевтың есімі;
7) №77 мектеп – гимназиясында Фариза Оңғарсынованың есімі;
8) №83 мектеп – гимназиясында Ыбырай Алтынсариннің есімі.
Дінмұхамед Қонаев – КП ОК бірінші хатшысы және Министрлер Кеңесінің төрағасы лауазымында Қазақ ССР-ін 30 жылға жуық уақыт бойы басқарған советтік партия және мемлекеттік қайраткер.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген
"Ұятпен қорғалған қатыгездік": 10 жыл бұрын топтық зорлық құрбаны болған Жібек әділдікке қалай қол жеткізді
Сот төрт айыпталушыны кінәлі деп таныды