Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда танымал блогер жазаланды

Нұр-Сұлтанда коменданттық сағатты бұзғаны үшін блогер Ерболат Жаңабыловқа айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлер блогердің көлігін түнгі сағат 01.30-да Мәңгілік ел мен Ұлы дала даңғылдарының қиылысында тоқтатқан. Көлікте екі жолаушы болған.

"Жағдайды анықтау барысында 26 жастағы жүргізушінің блогер екені анықталды, ол достарымен кездескен соң үйіне қарай бет алғанын айтты. Олар коменданттық сағатты бұзғаны үшін Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілді", – деді полиция.

Қаланың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты барлығына 30 630 теңге (10 АЕК) көлемінде айыппұл салды.



"Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті коменданттық сағаттың жалғасып жатқанын ескертеді. Жаяу жүруге, сондай-ақ көлік қозғалысына да тыйым салынған. Үйде болыңыз, қала аумағынан орынсыз шықпаңыз және балаларыңыздың жүрген жерін қадағалаңыз. Мұның бәрі сіздің қауіпсіздігіңіз бен тәртіпті сақтау үшін жасалып жатыр", – деп қосты тәртіп сақшылары.

Айта кетейік, блогер Ерболат Жаңабыловтың Instagram желісінде 7,8 миллион жазылушысы, TikTok желісінде 2,3 миллион жазылушысы бар.

Талқылау