Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"32 заңбұзушылық жасаған": Нұр-Сұлтанда полицейлер "VIP кортежді" тоқтатты

Нұр-Сұлтан полициясы қаланың ортасында тоқтатылып, халықтың назарын аударған кортеждің видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін “картреждің ”тоқтатылған видеосы жарияланған еді. Видеода қарулы қауіпсіздік қызметкерлері мен костюм киген адамдарды көруге болады.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі тәртіп сақшылары жол бойында жол ережесін бұзушыны тоқтатқанын хабарлады.

"29 сәуірде "Қауіпті жүргізуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында "Қорғау" ҚХА бағдарламасы бар планшеттегі деректер базасына сәйкес полиция қызметкерлері "Ауди А8" автокөлігінің жүргізушісін анықтады, ол құқық бұзушылық жасаған. 40 күн ішінде "Сергек" камерасына 32 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. ӘҚБтК-нің 893-бабына сәйкес, айыппұл салу туралы қаулыны ерікті түрде орындау мерзімдері өтпегендігін ескере отырып, жүргізушіге "Қазпошта" арқылы отыз құқық бұзушылық туралы хабарлама жіберілді. Сондай-ақ, қосымша екі заңбұзушылық бойынша оқиға орнында хабарлама берілді", - деді полицейлер.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, кейін ол босатылған.

"Lexus көлігі өздігінен тоқтап, кейін Audi көлігімен бірге кетіп қалды", - деп қосты департаменттегілер.

Сонымен қатар, полиция департаменті қаладағы жол қозғалысы жағдайы алты мыңнан астам бейнебақылау камералары арқылы бақыланатынын ескертеді.

Талқылау