Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда мүгедектігі бар азаматтар министрдің отставкаға кетуін талап етті

Нұр-Сұлтанда мүгедектігі бар бір топ азамат еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов "отставкаға кетсін" деген талап қойды. Айтуларынша, жылдап күткен баспана кезегі жылжымайды, жәрдемақылары ас-судан артылмайды. Жиналғандар әкімдіктен де ешқандай көмек жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Арбаға таңылған Ермек Бекішевтің айтуынша, үйінің кезегі талай жылдан бері жылжымай келеді. Алатын 65 мың жәрдемақысы азық-түлік пен жол ақысынан артылмайды екен. Ал әкімдіктен берілген жатақхана өте ескі, кіріп-шығуға қолайсыз деп отыр. 7 жыл бойы мәселемді ешкім шешіп бере алмады деген Ермек Бекішев қазір шенеуніктерге сенбейді. Сондықтан, министр Серік Шәпкенов "көмектесе алмаса отвтавкаға кетсін" деп талап қойды.

"Мен министрліктің отсавкаға кетуін талап етуге мәжбүрмін. Қанша рет жауаптыларға айттық! Үйдің кезегі қашан жылжиды? Жәрдемақымызды 2910 теңгеге көтерді. Үш процентке. Ал, азық-түлік отыз процентке қымбаттап кетті", - деді Ермек Бекішев.

Бұл азаматтар өткен аптада да әкімдік алдына жиналып, баспана кезегіміз тезірек жылжысын, жәрдемақымызды көбейтсін деп талап қойған. Ол кезде әкімдік мамандары мүгедектігі бар барлық топтағы азаматқа қажетті әлеуметтік көмек көрсетіліп жатқанын айтқан еді. Бірақ, жиналғандар мемлекеттік көмектің аса пайдасы жоқ деп,  жәрдемақымызды 500 долларға жеткізсін деді.

"Мәселеміз шешілмейді. Біз бірнеше рет мамандарға шырылдап айттық. 8 жылдан бері баспана кезегінде тұрмын. Ал, кейбір мүгедектігі бар азаматтар әкімдіктен берілген 8 шаршы метрлі жатақханада тұрып жатыр. Ол жерде дәретхана бөлек, біз сияқты кісілерге кіріп-шығуға ыңғайсыз", - дейді мүгедектігі бар азамат Азамат Садуов.

Барлық мәселені анықтап тыңдаған министрлік өкілдері, енді жаңа заң бойынша мүгедектігі бар жасөспірім 18-ге толса да баспана кезегі сақаталады, күтушілерге жаңа жәрдемақы тағайындалады, ал өзге мүгекдектігі бар азаматтарға заңдағы көрсетілген сомадан көп жәрдемақы төлей алмаймыз деді.

"Бізде күту пособиясы тек қана туылған кезінен мүгедектерге беріледі. Қазір енді жаңа заңнамаға сәйкес өзінің өмірінде мүгедектік алған адамдарға солардың күтушісіне пособия төленетін болады", - деді  ҚР Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас сарапшысы Айдар Сапаров.

Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдаған заң жобасында мүгедектігі бар кісілердің жәрдемақысын көбейту қарастырылмаған. Мамандар жәрдемақының сомасы ең төменгі күнкөріс деңгейіне сай деп отыр. Сондықтан, Қазақстандағы 690 мың мүгедектігі бар азаматтың жәрдемақысы биыл көбеймейтіні анық.

Ал елорда әкімдігінің қызметкерлерінің сөзінше, арнайы санаттағы азаматтарға жыл соңына дейін 10 мың баспана салынады, сол кезде кезек жылжиды, әзірге тар болса да жатақханада тұра тұрудан басқа амал жоқ.

Талқылау