Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда күтуші қожайынының тоғыз мың доллардай ақшасын ұрлап кеткен

Елордада жұмыс берушінің үйінен ірі көлемде ақша жымқырған күтуші ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық ДП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында екі келіншек күйеулерін тонап кетті

Қала тұрғыны полицияға арыз жазып, пәтерінен 8700 доллар ұрланғанын хабарлаған. Арызданушының айтуынша, ол деп күтуші болып жұмыс істейтін 35 жастағы әйелден күдіктенген. Әйел өтініш берушіде осы жылдың тамыз айынан бері жұмыс істеген.

Пәтер қожайындарының жоқтығын пайдаланып, жатын бөлмеде тұрған әйелдің әмиянынан ақша ұрлаған.

"Жедел іздестіру іс-шараларының барысында ұрлық жасаған күдікті тұрғылықты жері бойынша ізін суытпай ұсталды. Ұрланған қаражат күтушіден табылып, тәркіленді. Әйел 2 мың долларды айырбастап үлгерген, бірақ ұрланған ақшаны пайдалана алмаған, өйткені оны жедел уәкілдер ұстады", - деді полиция.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті кінәсін мойындады, оның бұрын елордада жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Талқылау