Нұр-Сұлтанда күдікті полиция ғимаратынан секіріп, қашпақ болды
Нұр-Сұлтанда 32 жастағы ер адам полиция ғимаратының екінші қабатындағы терезеден секіріп, қашпақ болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрдан ер адамның Есіл ауданының елордалық полиция бөлімі ғимараты терезесінен салбырап тұрғанын көруге болады. Оның қолынан полиция қызметкері ұстап тұр.
Жайғдай 22 қыркүйекте болған. 32 жастағы ер адам бұзақылық жасағаны үшін ұсталған. Ол полиция ғимаратынан терезе арқылы қашып кетпек болған.
"Оның әрекетіне қызметкер бөгет болды, бұзақылық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", – деді құқық қорғау органдарының өкілдері.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"