Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда қазақша күрестен спорт шеберлері пышақтасып қалған

Нұр-сұлтанда полиция суық қару қолданылған қонақүйлердің біріндегі төбелес фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.Қорғалжын тас жолы бойындағы қонақүйлердің бірінде төбелес туралы хабарлама 20 маусымда түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, қоңырау шалушы төбелес кезінде жігіттердің бірі екіншісінің кеудесін пышақпен ұрғанын айтқан.

Оқиға орнына келген полицейлер жағдайды бірден қолға алған. Олар қақтығыстың себепкерлері Ақтөбеден келген спортшылар екенін анықтады. Екеуі 15 маусым күні Нұр-сұлтан қаласына қазақ күресінен республикалық жарысқа келген екен.

"Жарыс аяқталғаннан кейін, 20 маусымда олар қонақүй бөлмесіне келді. 21 жастағы екі жас жігіт сөзге келіп, ол артынша төбелеске ұласқан, соның салдарынан біреуі екіншісіне кеуде тұсына пышақ жарақатын салған", – деп хабарлады Нұр-сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жәбірленуші ауруханаға түсіп, ал күдікті ұсталды.

Сонымен қатар тергеу аясында жарыс ұйымдастырушыларының жұмысына баға беріледі.

Талқылау