Нұр-Сұлтанда блокбекеттер орнатылды: Полиция түсініктеме берді
Елордалық ПД өкілдері қаланың айналасына не үшін блокбекеттер қойылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген азаматты ұстау үшін блокбекеттер қойылған.
“16 қыркүйекте елорда аумағында аса ауыр қылмыс жасалды. Осыған байланысты күдіктіні ұстау үшін Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. Қаладан шыға берістерге блокбекеттер қойылып, "ұстап алу" жоспары жарияланды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", –делінген ПД хабарламасында.
Нұр-Сұлтанда 200-ге жуық дәрігер ковидтік үстемақысын әлі ала алмай жүр
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды
Тұрғын: "Ипотекамыз, екі кішкентай баламыз бар, болашағымызға алаңдаймын”
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады