Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда ауызашар жасауға және жамағатпен намаз оқуға тыйым салынды

Нұр-Сұлтанда Рамазан айында діни ұжымдық іс-шараларға тыйым салынды. Көпшілікке ауызашар беруге де тыйым салынады. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Рамазан айында ұжымдық құран бағыштауға, жұма және 5 уақыт намазды көпшілікпен оқуға тыйым салынады. Қасиетті Рамазан айында ауызашарды бір отбасы мүшелерін қоспағанда ұжыммен, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады",-деді Пірәлиева.

Ол 65 жастан асқан адамдар әлі де тәуекел тобында екенін еске салды.

"Осыған байланысты қасиетті Рамазан айында аса қажеттілік болмаса, тұрғылықты жерінен шықпау, оның ішінде ауызашар, құдайы ас өткен орындарға бармау ұсынылады. Созылмалы аурулары бар азаматтар учаскелік дәрігерге жүгініп, ораза ұстамас бұрын міндетті түрде ұсыныстар алуы керек. Қарттар мен кәмелетке толмағандардан жағдай тұрақтанғанша мешіттерге барудан бас тартып, үйде дұға етуді сұраймыз", - деді елорданың бас санитар дәрігерінің орынбасары.

Талқылау