Нұр-Сұлтан орталығында "Қазақмыс" ғимаратынан өрт шықты
Нұр-Сұлтан қаласында Тұран даңғылындағы әкімшілік ғимарат өртеніп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлер әлеуметтік желілерде түтін шығып жатқаны түсірілген кадрларды жариялаған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 44 адам өртті сөндіруге аттанған.

"Сағат 18:33 минутта Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы 37/10 мекенжайында орын алған өрт орнына жеке құрамның 44 адамы мен 11 техникасы құрамында жоғары шақыру нөмірі бойынша шықты. Алдын ала ақпарат бойынша ғимараттың шатыры және қаптауы жанып жатыр. Шақырту орнына өрт сөндірушілер 5 минуттан кейін дереу жетті. Қазіргі уақытта барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр", – делінген ТЖД хабарламасында.
Өрт 19:10-да ауыздықталды. Алдын ала ақпарат бойынша, өрт шалған аумақ 60 шаршы метрді құрайды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген