Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласында заңсыз майнинг фермасы анықталды

Нұр-Сұлтан қаласында заңсыз майнинг фермасы анықталды. Олар криптопро  өндірумен айналысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР қаржылық мониторинг агенттігінен мәлімдеді. Олардың мәліметінше, ферма 237 мың доллар криптопро өндірген. 

"ҚР қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен бірлесіп, қала аумағындағы өнеркәсіптік базалардың бірінде заңсыз майнинг фермасын анықтады. Майнингке арналған 56 бірлік құрал-жабдық табылды. Өндірілген криптовалютаны 237 000 АҚШ долларлар көлемінде қолма-қол ақшаға айналдыру жүзеге асырылған. Тергеу амалдары жүргізілуде", – делінген агенттік мәліметінде
 

Талқылау