Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Универсиада-2017 эстафетасының алауын жақты

Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ресми түрде 28-ші бүкіл әлемдік қысқы Универсиада 2017 ойындарының алауы тұтанды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170125114111

Эстафета Астанада екі кезең бойынша созылады. 3,5 сағат бойы алау ұстаушылар қаланың орталық көшелерімен жүгіріп өтеді. Бірінші кезең “Назарбаев Университетінен” басталып “Бәйтерек” монументіне дейін жалғасады. Екіншісі – монументтен оң жағалаудағы қала әкімдігіне дейін барады. Эстафетаның жалпы ұзақтығы 12 шақырымды құрап отыр.

Алауды құрамында танымал спортшылар мен қоғам қайраткерлері бар жалпы саны 60 адам алып жүреді. Олардың арасында бокстан олимпиада чемпионы, әлем чемпионы Данияр Елеусінов, олимапиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит те бар.

5 күн бойы еліміздегі облыс орталықтарында алау тұтату шарасы өткізіледі. Жалпы, Қазақстан бойынша Универсиада алауы жүріп өтетін аумақ 22 500 шақырымды қамтиды.

Еске салайық, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтар-8 ақпан аралығында Алматыда өтеді. Қысқы универсиада бағдарламасына мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жарысу, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасындағы), керлинг, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл секілді 12 спорт түрі кірген. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады.

Бұған дейін Универсиада жеңімпаздарына қанша ақша берілетіні айтылған еді. Сондай-ақ универсиада кезінде Алматыға кіретін көліктерге де шектеу қойылатын болды. Атап айтқанда техникалық, санитарлық және экологиялық талаптарға сай келмейтін жүк көліктері мен жеңіл машиналар шаһарға кіргізілмейді. Яғни тоз-тозы шыққан көліктер қаланың кіре берісіндегі 18 бекетте тоқтатылмақ.

Оқи отырыңыз:

Боксшы Біржан Жақыпов лауазымды қызметке тағайындалды

Боксшы Баду Джек төрешіні талдырып құлатты (видео)

Қазақстандық ауыр атлет Пекин олимпиадасының “чемпионы” атанды

Сабина Алтынбекова Универсиада алауын ұстаудан бас тартты

Талқылау