Нұрлан Нығматулин мәжіліс депутаты болды
ҚР ОСК Нұрлан Нығматулинді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді.

Сурет: inform.kz
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 97-1 бабының 6 тармағына сәйкес «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының шешімі негізінде Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Склярдың депутаттық өкілеттігі Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалуына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын.
Бұған дейін Президент әкімшілігінің жетекшісі мен Астана әкімі ауысатынын хабарлаған болатынбыз.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған