Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ninety one” тобының фанаттары мұқтаж жандарды тамақтандырып олардың батасын алды (фото)

“Ninety one” тобының жанкүйерлері, яғни “иглздар” қайырымдылықпен айналысып кетті. Олар ақша жинап, қарттар мен көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ, жалғызбасты аналарға азық-түлік апарып берді. Жастардың айтуынша, оларды игі іске 91 тобының өзі итермелеген.

91-кайырымдылык

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“91 тобына біз әр түрлі сыйлықтар сыйлаймыз. Оларға деген ықыласымызды білдіреміз. Ол біздерге айтты, сіздер бұған қаражаттарыңызды жұмсамай, қайырымдылыққа мұқтаж жандарға жасасаңыздар дұрыс болады деді. Осыдан идея алып, эстафета жасадық”, – дейді Айнұр Бағлан есімді 91 тобының тыңдарманы.

Найнти уан фанаты_140217

Қайырымдылық шарасы Атырау қаласынан басталған. Күні кеше эстафетаны алматылық иглздар жалғады.

Осылайша атышулы топтың фанаттары егде жастағы адамдарға, жалғызбасты аналарға және көпбалалы отбасыларға қол ұшын созып, азық-түлікпен қамтамасыз еткен. Ал, жабырқау көңілдері әп-сәтте көтерілген Алматы тұрғандарының иглздарға айтар алғысы шексіз.

“Менің жасым 95-те! Жасамай қалған әлі 5 жасымды қосып, раббым сендерге 100 жас берсін. Достарың көп болсын, дұшпандарың жоқ болсын”, – дейді азықпен қамтылған қарияның бірі.

кария-91

Қайырымды іске ұйытқы болған жастардың ең кішісі 18-де. Бұл топта студенттер де, оқуын аяқтап өз кәсібін дөңгелетіп жүрген жастар да бар көрінеді.

“Бір күнге жұмсайтын ақшаның белгілі бір қаражатын жинап содан жасап отырмыз. Бізге ешкім демеуші, қаражат ретінде ешкім беріп жатқан жоқ! Ол өзіміздің жинап, өзіміздің жасаған іс-шарамыз болып табылады”, – дейді тыңдармандардың бірі.

Осылайша әр аймақта ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы Алматыда өз мәресіне жетті. Атышулы бойзбенд фанаттары ендігі эстафетаны «Найнти уандық» серілердің өздеріне тапсырды.

“Құрметті 91 тобы! Бүкіл Қазақстанның қалаларында өтіп жатқан қайырымдылық эстафетасын бүгін Алматы қаласының иглздары қабылдады. Бұл тек үлкен істің бастамасы ғана, келесі кезек сіздерде”, – дейді жанкүйер Мейірхан Бердалиев.

91 фанаты_140217

Жіберіп алмаңыз:

Ұлықпан Жолдасов Димашқа мәтіні ағылшынша ән жазып берді

Қуандық Рахым өзіне қарата алмаған қызды ақырында тастап кетті (видео)

Тележүргізуші Жанат Бақыт сауатсыз жұлдыздарды сынап тастады

Көпшілік “Валентин” күнімен құттықтаған Салтанат Бақаеваға ұрсып тастады (фото)

Талқылау