Стильдерін өзгерткен Ninety one тобы жаңа бейнебаян түсіруге кірісті
Eagles-дар үшін қуанышты жаңалық! Ninety one тобы кезекті бейнебаянының түсіріліміне кірісті. Жуырда үлкен экранға шығатын «Гламур для дур» фильмінің саундтрегі болып табылатын әрі топ репертуарындағы танымал әндердің бірі «Қалай қарайсыңның» түсірілімі бүгін, яғни 22 қарашада басталды.

Бұл туралы Гәкку арнасы хабарлады.
Атышулы топтың қоржынында әзірге екі бейнебаян бар. «Айыптама» және «Қайтадан» әндеріне түсірілген клиптер миллиондаған көрермендерін тапты. Алайда «Айыптама» клипінің біраз дауға себеп болғанын айта кетпеске болмас. Дәл осы алғашқы бейнеклиптегі жігіттердің образы қазақстандықтардың наразылығын тудырған еді.
Естеріңізде болса, жуырда ғана «Жыл таңдауы» ән бәйгесінде топ классикалық стильде киініп шықты. Одан бөлек, жігіттер сырға мен боялған шаштан да бас тартқан еді.
Жіберіп алмаңыз:
Роза Рымбаева соңғы 25 жылда барлық туысқанын қалаға көшіріп, жұмысқа орналастырған
Қайрат Нұртас жаңа бейнебаянының тұсауын кесті (видео)
Төреғали Төреәліге ерекше автокөлік нөмірі сыйға тартылды (видео)
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады