Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нигерияда бір топ қарақшы 200 оқушыны ұрлап әкетті

Нигерияның батысындағы Тегина қаласында мектеп-интернатқа бір топ қарулы адам шабуыл жасап, 200 оқушыны ұрлап әкетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, күннің екінші жартысында содырлар мектеп аумағына басып кіріп, 200 оқушыны ұстап, қашып кеткен. Шабуылдан қаза болғандар мен жараланғандар жоқ.

Нигер штатының шенеунігі мектепке шабуыл жасалғанын және оқушылардың ұрланғанын растады. Алайда ол содырлар тұтқындаған мектеп оқушыларының санын атаудан бас тартты.

Соңғы айларда Нигерияда университеттер мен мектептерге шабуылдар жиілеген. Қарақшылар оқушылар мен студенттерді төлем талап ету үшін ұрлап әкетеді. Елдің әр түкпіріндегі мектептер мен университеттерден осы жылдың басынан бері 700-ден астам студент ұрланған.

Нигерияның солтүстігіндегі жергілікті билік наурыз айынан бастап 600-ден астам мектепті жапты. Оқушылар штаттардың қауіпсіз аймақтарындағы басқа оқу орындарына ауыстырылды.

Бұл ретте жұмыс істеп тұрған мектептер мен университеттерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Талқылау