"Жалған есеп берген": Астанада жаттықтырушылар 40 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Астанада "Олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясы" КММ-да жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есептер беру арқылы ақша жымқырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше бұл мекемеде бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактісі анықталған.
“Мәселен, 2021-2022 жылдар кезеңінде ҚММ лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджет қаражатын жымқырған. Іс жүзінде жиындар өткізілмеді, жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есептер тапсырды. Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген залал сомасы 40 млн теңгеден асады”, – делінген хабарламада.
Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынған.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады