Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жауыннан арықтар толып, ағаштар құлауы мүмкін: Алматылықтарға ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жасалды

Синоптиктер ауа райының нашарлауына байланысты Алматы тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады. 16 мамырда кешке шаһарда нөсер жауын жауады деп болжады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қаланың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 20 мм-ге дейін жауын-шашын түсетінін мәлімдеді.

"Қаланың коммуналдық қызметтері дайын. Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу үшін мотопомпалармен және шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылады. 2,3 мың қап құм дайындалды", – деп сендірді ведомство.

Ал әкімдік қажет болған жағдайда жұмысшылар мен арнайы техника саны артатынын жеткізді.



Сонымен қатар ауа райының нашарлауына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына тауға шықпауға кеңес берілді. Жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты автомобильді жол жиектеріне қоймау ескертіліп жатыр. Ал су тасқынының алдын алу үшін қала тұрғындарынан арықтарды, нөсер су ағындары мен каналдарды қоқысқа толтырмау сұралды. 

Талқылау