Лондонда Қазақстан азаматына адам өлтірді деген айып тағылды
Ұлыбритания полициясы Қазақстан азаматы Баймолда Бейбітті кісі өлтірді деген күдікпен ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Лондон полициясының мәліметінше, 30.12.1986 жылы туған Баймолда Бейбітке 7 мамырда кісі өлтірді деген айып тағылған. Ол 8 мамырда Темза Магистратура сотына келді.
6 мамыр күні кешкі сағат 21:00 шамасында Лондондағы аудандардың бірінде 42 жастағы ер адамның денесі табылған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен. Ажал құшқан адамның денесінде пышақ жарақаттары бары анықталған.
"Оқиға орнында кісі өлтірді деген күдікпен Бейбіт пен 33 жастағы әйел ұсталды. Бейбітке жоғарыда көрсетілген айып тағылды. 33 жастағы әйел тергеу шаралары аяқталғанға дейін босатылды", – деді Лондон полициясы.
Kazinform хабарлауынша, Баймолда Бейбіт Қазақстаннан Ұлыбританияға 2023 жылдың мамыр айында 6 айға маусымдық жұмыс визасымен барған.
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Сот: "Жәбірленушінің мойнындағы сырылған жарақаттар денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған дене жарақаттары ретінде бағаланды"
"Досым 3 миллион теңгеге сатып жіберді": Жоғары жалақы іздеген қазақстандық қалай құлдыққа түсті?
Бостандығым үшін 40 миллион теңге талап етті