Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"28 миллион теңге": Танымал блогер Айдын Тоқсанбаева алаяқтарға алданып қалды

Әлеуметтік желіде Janym_baklajanym атты лақап атпен танымал болған блогер Айдын Тоқсанбаева алаяқтың құрбаны болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан кадр

Блогер 4 баласымен АҚШ-қа қоныс аударған еді. 

“Елімізде жылда болатын су тасқынына жылда көңіл бөлмейтін басшылық барда, әйелін өлтірген еркекті отырғызбай әлі ақтап алуға тырысып жатқан жағымсыз жаналықтардың қасында менікі дым болмас. Бірақ мен 28 миллионға жалғызбасты қазақ әйелге алданып отырмын. Балалар үйін салуға деп жиналған халық аманаты 17 миллион ақша мен жігітімнің ата-анасына көлікке деп беріп қойған бастапқы 10 миллион еді. Балалар үйінің ақшасын "еселеп, көбейтіп аламын" деп "айым, күнім" деп айтқан. Басында тауарды дұрыс жіберіп отырып, ақшасын кейін алып, сенімге кіріп, кейін бірден 10.000 тауарды каргомен жіберсең, арзанға жеткізіп беремін деп ақшаны жібере бер деді. Мен жартысын жібердім, 10 наурызда келуі керек тауарды әлі көрмедім. Ақша жіберуді тоқтатып, тауар неге әлі жоқ деп сұрай бастасам, сылтауы көп. Енді ақшаны қайтар деп күніге қақсап отырмын. Анамның шыдай тұр, қазір Ораза деп отырғаны болмаса, ашуым қара қазандай. Әрине, заң бойынша бүкіл дәлел бар. Тек осындай жағдайға жеткізгені іштей өртеп барады", – деп жазды блогер. 



Желі жұлдызының айтуынша, балалар үйінің іргетасы да қалануға жақын екен. Алайда ақшаны жаратып жібергеннің кесірінен, құрылыс тоқтап тұрған көрінеді. 

“Ол әйел балалары үйінің ақшасы екенін 100 пайыз біледі. Ай сайын сенің балалар үйінің салынуына атсалысып отырамын. Тауар сатуға көмектессең, арзан бағамен беремін” деп сендірді. Тауардың сапасы мықты, бағасы арзан болатын. Түркияға барып анам да көзбен көріп келді. “Жақсы әйел екен” деп мақтап келді. Тексеріп барып, ақша аударып едік. Арты осындай жағдайға жетті”, – деп күйінді Айдын. 

Фото: https://www.instagram.com/janym_baklajanym/

Талқылау