Танымал спорт комментаторы Василий Уткин көз жұмды
Ресейлік танымал спорт комментаторы Василий Уткин көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналист әрі "Эгриси" футбол командасының иесі 52 жасында өмірден өтті.
"Бұл жазбаны жазу бізге өте қиын. Бірақ бұл шындық. Василий енді арамызда жоқ" - делінген "Эгриси" командасының хабарламасында.
БАҚ-тағы мәліметтерге сүйенсек, Василий Уткин көз жұмғанға дейін жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауыр дертіне шалдыққан. Өткен жылдың қазан айында оған атеросклероз деген диагноз қойылған.
Василий 1990 жылдардың ортасында НТВ және НТВ-Плюс телеарналарында футбол комментаторы, журналист және "Футбол клубы" телешоуының жүргізушісі ретінде танымал болды.
Василий Уткин 21 наруыз күні өтетін Қазақстан құрамасының ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі Грекияға қарсы ойынынан хабар тарату үшін Алматыға келуі керек еді.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген

