Қостанайда такси жүргізушісіне "зорламақ болды" деп жала жапқан әйел жазаланды
Қостанай облыстық полиция департаменті такси жүргізушісіне “зорламақ болды” деп жала жапқан әйелдің қандай жазаға тартылғаны туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынған
Полицияның мәліметінше, әйел арнайы қызметке көрінеу жалған қоңырау шалғаны үшін жауапқа тартылған. Бұл құқық бұзушылық үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Айыппұл сомасы 110 760 теңге.
Сонымен қатар әйел өзінің бейнесі бар видеоның тарағаны туралы полицияға арыз жазған, арыз азаматтық-құқықтық салада қаралады.
Еске салсақ, бұған дейін Қостанайда такси жүргізушісін "өзіне қол жүгіртті" деп айыптаған әйелдің ерсі әрекеті түсірілген видео пайда болғаны туралы жазған едік.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған