Ауыл тұрғындары түнде белгісіз рәсім жасаған жалаңаш мыстанды ұстады
Үндістанның Одиша штатындағы Ангарпада ауылының тұрғындары сиқыршы мен мыстанды белгісіз рәсім үстінде ұстап алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New Indian Express порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет pixabay-дан
Тұрғындар түнде мәйіттерді кремациялайтын жерден ер адам мен әйелді байқаған. Жалаңаштанған ерлі-зайыпты қара сиқырмен айналысып, ауыл тұрғындарына қарсы рәсім өткізді деген күдікке ілінген. Кейін жұртшылық оларды ұстап, жіппен байлап, жауап алды.
Ер адам әйелдің өзінен бақсылықты үйренгісі келгенін айтқан. Ол басқа ауылда тұрса да Ангарпада ата-бабасы кремацияланғасын бірге ілесіп келген екен. Рәсімнің нақты қандай мақсатпен жасалғаны айтылмады.
Тұрғындар әйелдің туыстарына телефон соғып, келуін талап еткен. Оқиға туралы полицейлерге сол кезде хабар берілді. Тәртіп сақшылары қолға түскен ерлі-зайыптыға қатысты тергеу бастады.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге