Үндістанда адамға өте қауіпті Нипах вирусы таралуда
Үндістанда адамға өте қауіпті Нипах вирусы өршіп жатыр. Мұнда вирусты жұқтырған екі адамның қаза тапқаны ресми расталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет сюжеттен алынған
Оңтүстіктегі Керала штатының билігі вирустың таралуына байланысты провинциядағы барлық оқу орындарын жапты.
Үнді дәрігерлерінің айтуынша, штамм адамнан адамға жұғатын нұсқада. Емделіп жатқан 3 жұқтырған адам арасында 9 жасар баланың жағдайы ауыр күйіде. Аурудың таралуын болдырмау үшін көршілес Кожикоде провинциясында сауда орталықтары мен дүкендер жабылды. Бұл соңғы 5 жылдағы 3-ші індет. 2018 жылы осы ауданда вирустан 21 адам қайтыс болған.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады