Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Астанадағы кеңселерін сатылымға шығарды
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Астананың сол жағалауының орталығындағы төрт кеңсе ғимаратын сатуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БЖЗҚ-ның ресми сауалға берген жауабында атап өтілгендей, кеңселердің жалпы құны – 415 млн теңге. Бұл - Қонаев 12/1 көшесінде орналасқан үйдегі бос кеңселер. АMANAT партиясының бас штабы да сонда орналасқан. Сайтта әртүрлі көлемдегі бөлмелері бар барлығы төрт лот ұсынылған.
113 млн теңгеге ауданы 185 шаршы метр бөлме ұсынылды. Бәссауда бағасы жоғарылайды. Аумағы 201 шаршы метр басқа бөлмеге сауда-саттық 115 млн теңгеден басталады. 225 шаршы метрді құрайтын кеңсе 131 млн теңгеге бағаланды. Ең қарапайымы – ауданы 89 шаршы метр кеңсе 54 млн теңгеге сатылуда.
Сауда-саттық 31 қаңтарда басталады.
Ұйымның баспасөз қызметінен сатылым экономикалық қызметпен, атап айтқанда мүлікті оңтайландырумен байланысты екенін нақтылады.
Кинотеатр дәретханасына бармақ болған қазақстандықты билеті болмағаны үшін ішке кіргізбей қойған: Бұл заңды ма?
Заңгер қоғамдық орындардың адам қажеттілігін өтеуіне тыйым салуы заңға қайшы екенін алға тартты
36 миллион теңгеге пәтер алған қазақстандық баспанасына кіре алмай қалды: Бұрынғы иесі ақшаны алаяқтарға беріп қойған
Пәтердің бұрынғы иесі алаяқтарға алданғаннан кейін баспананы босатудан бас тартқан