"Нағыз намысты жігіт": Димаш Құдайберген боксшы Айдос Ербосынұлына қолдау білдірді
Танымал әнші Димаш Құдайбергенов "тұрақты" чемпион атағы үшін өткен жекпе-жекте нокаудтан соң ауруханаға түскен жерлесі Айдос Ербосынұлы қолдау білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында:
"Қазақтың нағыз намысты жігіті! Алла шипасын берсін. Тезірек сауығып, отбасың мен еліңді қуантуға жазсын!",- деп жазды.
Еске салсақ, Айдос Ербосынұлы WBA тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы "тұрақты" чемпион атағы үшін өткен жекпе-жекте кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңіліп, кейін ауруханаға түскен болатын.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

