Ақтауда наразы жедел жәрдем қызметкерлері жұмысқа шығудан бас тартты (видео)
Ақтауда жедел жәрдем қызметкерлері наразылық акциясына ретінде жұмысқа шығудан бас тартқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем қызметкерлері жалақыны көтеру мәселесі бойынша басшылыққа бірнеше рет жүгінгендерін жеткізді. Алайда талаптары ескерілмеген соң жедел жәрдем станциясындағы жүргізушілер мен фельдшерлер 11 қыркүйектен бастап жұмысқа шығудан бас тартқан.
Наразы қызметкерлердің айтуынша, жедел жәрдемнің бірінші шұғыр санатына ғана қызмет көрсететін тек екі жедел жәрдем көлігі бар.
Басшылық оларды тыңдап, мәселені шешуге уәде берген. Дегенмен жедел қызметкерлері оларға сенуден қалған.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”