AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-анаcы моншада болған: Текеліде көз жұмған 5 жасар қыз өлімінің егжей-тегжейі белгілі болды

Бүгін, 200-ден астам адам Алматы облысының Текелі қаласында болған селден кейін, кішкентай қызды іздеді. Өкінішке орай, оның денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап. 

Бүгін түстен кейін кеншілер қаласындағы бес үй балшық үйіндісі аралас су астында қалды. Қонаев көшесіндегі N350 тұрғын үй толығымен жарамсыз болып қалды. 

Құтқарушылар бірнеше сағат бойы кинологиялық қызметті тарта отырып, 5 жасар Жанбота Қанатқызын іздеді. Кейінірек оның қаза тапқаны белгілі болды. 

Сел жүрген кезде баланың ата-анасы моншада болған. Қыздың әкесінің айтуынша, ол көшеде қорқынышты дауысты естігенде аулаға қарай жүгірген. Бірақ үйін толқынмен балшық шөгіндісі басып қалған. Ал оның ішінде кіші қызы болған. Қыздарының үлкені, 6-сынып оқушысы бұл кезде көрші ауылдағы әжесінің үйінде болған. Қазір қыздардың ата-анасы ауруханада жатыр, олармен психологтар жұмыс істеп жатыр. 

ТЖ орнында Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашеваның басшылығымен облыстық жедел штаб құрылды.

Еске сала кетсек, Алматы облысының Текелі қаласында қатты сел жүріп, көшелер мен үйлерді басып қалды. Төтенше жағдайдан 5 жасар қыз із-түссіз кеткенін жазған болатынбыз. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр