AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда дәрігерлер баланың көзіне дұрыс ота жасамаған: Мамандар өз әрекеттерін түсіндірді

Алматыда дәрігер операцияны баланың оң көзіне жасаудың орнына, сол көзіне жасаған. Анасы дәрігерлердің салғырттығынан баласының мүгедек бола жаздағанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

4 жастағы Асылжанның әу баста оң көзінде киста болған. Диагнозды  өздері қойған. Бірақ дәрігерлер операцияны сол көзіне жасап тастаған. 

Айдын Тоқсанбаева ұлының диагнозы жайлы өткен жұмада біледі. Содан қаладағы шұғыл медициналық жәрдем орталығына келіп, баласын дәрігерлерге көрсетеді. Мамандар 4 жастағы Асылжанның оң көзінде киста барын айтқан. Ота жасап, алып тастауға болады деген. 

"Тоғызда алып кетті де артынша алып келді. Қасымда медбикелер тұр. Балам қатты айқайлады, басын ұрып жатыр, аяғымен жерді тепкілеп. Бір қарасам, дұрыс емес сияқты. Сосын басқа көзіне ота жасағанын түсіндім. Ішімнен оң қол қайсы еді, сол қол қайсы еді деп есім шықты", – дейді Асылжанның анасы Айдын Тоқсанбаева.

“Ауыл-аймақтағы аурухана емес, білдей мегаполистегі жағдай. Осыдан кейін дәрігерлерге қалай сенеміз” дейді ашынған ана. 

"Мен “неге сол көзіне жасалды, оң көзі ғой” дедім. Сөйтсем, маған Медет Абдиханиев сол көзі ғой, дұрыс қой деді. Өзі сол направлениені беріп, өзі оң көзі деп тұрған адам ота кезінде сол көзіне жасай салды", – дейді баланың анасы.

Ал ақ халаттылар өз алдына ақталып әлек. Бас дәрігердің орынбасары ота кезінде өзгерістер болғанын растады. Оң көзінде болған киста операция кезінде сол көзіне ауысқан дейді. 

"Оң жақ қабағының халазилоны деген диагнозбен бүгін таңертең бала отаға алынады. Ота кезінде оң жағындағы халазионнның орны жазылып кеткендіктен, дәрігерлер ота жасаушы сол жақ жоғарғы қабағын қарайды. Тапқаннан кейін сол жақтағы халазионды алып тастайды", – дейді Алматы қалалық балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхаммед Рузуддинов.  
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр